Физика пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыруға, әлемнің ғылыми-жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдауына, танымдық қызығушылықтары мен интеллектуалдық қабілеттіліктерін дамытуға, құндылық бағдарларын тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу. 

Бұл мақсаттарға сәйкес оқу пәнін оқыту міндеттері  мынадай:

– оқушылардың қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдар мен принциптер туралы; табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы  білімді игеруіне ықпал ету; физика пәнін жақсы меңгеруі нәтижесінде өзін-өзі бағалауын арттыруына  қол жеткізу

– оқу пәні және ғылыми таным әдістері арқылы оқушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениетін дамытуға ықпал ету.

-         Оқушылар бойында материяның бртұтастығы мен оны танып білудің түпсіздігін  сезінуге, таным әрекетіндегі практиканың алатын ролін түсінуді қалыптастыру

-          Физика мен техникаға қызығушылығын арттыру;

-         Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқуға саналы көзқарасқа тәрбиелеу,  болашақта кәсіптік мамндық таңдауға жол сілтеу.